18 қаңтар 2022 | 16:36

Қазақстан ЕТЖ өсімі бойынша үздік бестікке кірді - зерттеу

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Picodi.com сарапшылары әлемнің 64 елінде ең төменгі жалақы мөлшері қалай өзгергенін тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Picodi.com сарапшылары әлемнің 64 елінде ең төменгі жалақы мөлшері қалай өзгергенін тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зерттеуге бүкіл әлем бойынша үкіметі ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеген елдер қатысқаны айтылды.

"Әр елде салық салу ерекшелігі бар, сондықтан зерттеу барысында таза соманы, яғни қызметкер қолына немесе банк шотына нақты алатын ақшаны қарастырдық", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ең төменгі жалақы

Портал мәліметінше, Черногорияда ең төменгі жалақы мөлшері едәуір жоғары. Ең төменгі жалақы былтырмен салыстырғанда 265 доллардан 514 долларға дейін өскен (103 пайыз). Аргентина, Түркия және Қазақстанда да ең төменгі жалақы айтарлықтай өскені көрсетілген.

"Қазақстан рейтингте 4-орында: 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 40,9 пайызға өсті (37 400 теңгеден 52 701 теңгеге дейін). Ресейде 8,6 пайызға (рейтингтің 24-орны), Өзбекстанда 21 пайызға (7-орын), Әзірбайжанда 16,3 пайызға (9-орын), ал Беларусьте 14,3 пайызға (13-орын) өсті.

Азық-түлік себетінің құны

Сондай-ақ, зерттеушілер азық-түлік себетін жинады және азық-түлік құнын ең төменгі жалақымен салыстырды.

Себетке нан, сүт, жұмыртқа, күріш, ірімшік, ет, жемістер мен көкөністер кірді. Мұндай азық-түлік себетінің құны 2022 жылдың басында 26 460 теңге болды.

"Өмір сүруге қажет негізгі азық-түлік салықтан кейін ең төменгі жалақының 50,2 пайызы болады", - деді зерттеушілер.

Ең төменгі жалақымен қайда өмір сүруге болады?

Сонымен қатар, мамандар түрлі елдегі бірдей өнімдер құнын салыстырып, ресми төменгі кірістің қанша пайызы азық-түлікке кететінін тексеріп көрді.

Рейтингте Ұлыбритания, Ирландия және Аустралия көш бастап тұр. Бұл елдердегі азық-түлік бағасының жергілікті ең төменгі жалақыға қатынасы 6,6 пайыздан 7,3 пайызға дейін болып отыр.

"Қазақстан бұл рейтингте 64 елдің ішінде 56-орында тұр. 50,2 пайыз нәтижесімен ол Армениядан (71 пайыз, 62-орын), Өзбекстаннан (98,3 пайыз, 63-орын) алда келеді. Рейтинг бойынша Ресей жоғары (45,9 пайыз, 55-орын)", - деп қорытындылады сарапшылар.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная