Қазақстанда ет өндірісі артып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өндіріс бойынша көрсеткіш қандай?
Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметіне сүйенсек, 2025 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша елімізде 213 ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 34-інде сою цехтары бар, ал 179-ы - шағын және орта кәсіпорындар.
2025 жылдың алғашқы үш айында ет өндірісі 2,8%-ға, қосалқы өнімдер 20%-ға, шұжық өнімдері 12,6%-ға, ет консервілері 34,6%-ға артқан.
Экспорт бойынша көрсеткіш қандай?
Ет өнімдері экспорты да айтарлықтай өскен. 2024 жылы 22,1 мың тонна сиыр еті, 17,5 мың тонна қой еті экспортталған.
Негізгі экспорт бағыттары мына елдер:
- Өзбекстан - 20,7 мың тонна сиыр еті және 13,9 мың тонна қой еті,
- БАӘ - 1,2 мың тонна қой еті,
- Иран - 1,2 мың тонна қой еті.
2025 жылдың алғашқы екі айында сиыр және қой етінің экспорты 2 есеге, шұжық өнімдерінің экспорты 2,7%-ға, ет консервілерінің экспорты 3,6 есеге артқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!