ПОДЕЛИТЬСЯ
01 ақпан 2023 | 17:05
Қазақстан Германияға қашан мұнай жібереді? Министр жауабы
Қазақстан жоспарланған 300 мың тонна мұнайдың алғашқы 20 мың тоннасын ақпанның бірінші жартысында жөнелтеді. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, мұнайдың бірінші партиясын қаңтарда жөнелту жоспарланған, алайда техникалық ақау болған.
"20 мың тонна болатын бірінші партияны жөнелту туралы келісім бар. Бұл - ақпанның басында. Қаңтарда жібергіміз келді, бірақ техникалық ақаулар бар. Бүгін мен Ресей Федерациясы Энергетика министрлігіндегі әріптестеріммен де сөйлестім. Бұл техникалық нәрселер қайта бағыттауға, маршруттарға, рәсімдеу және т.б. қатысты. Бұл мәселелер шешілді және жеткізуді физикалық түрде жүзеге асыруға болады", - деп түсіндірді Ақшолақов Энергетика министрлігі алқасы отырысында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также