31 шілде 2023 | 09:11

"Қазақстан халқына" қоры бөлген 850 білім беру грантын кімдер ала алады?

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры бакалавриатқа күндізгі оқуға 850 білім беру грантын бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры бакалавриатқа күндізгі оқуға 850 білім беру грантын бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Білім беру грантын кімдер ала алады?

  • ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылар;
  • жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • мүгедектігі бар азаматтар;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
  • 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
  • төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).
Реклама
Реклама

Бағдарламаға 29 жасқа дейінгілер қатыса алады.

Білім беру гранттары байқауына қатысу үшін құжаттар ЖЖОКБҰ қабылдау комиссияларына тапсырылады. Білім беру гранты тағайындалатын үміткерлердің тізімін ЖЖОКБҰ ағымдағы күнтізбелік жылы ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша оқуға түсу үшін қажетті өту балын жинаған (оның ішінде шығармашылық емтихандарды ескере отырып) талапкерлер қатарынан қалыптастырады. Грант тағайындалатын талапкерлердің тізімін Қор Басқармасы бекітеді. Бұл ретте Қор үміткердің бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігіне ғана қарайды.

Білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді және бүкіл оқу мерзімі ішінде 40 000 теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы төленеді. Шәкіртақы жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, 10 ай ішінде (жыл сайын) төленеді.

Білім беру гранты бір рет ұсынылатын атаулы грант болып табылады, екінші жоғары білім алуға білім беру грантын алуға жол берілмейді. Білім беру гранты өз қалауы бойынша және үлгерімінің төмен болуына байланысты оқудан шығарылған жағдайларда, сондай-ақ студент оқудың екінші жылына қалдырылған және білім беру гранты иеленушісінің Бағдарлама қатысушы екендігін растайтын күмәнді ақпарат және/немесе дәйексіз құжаттар ұсынылған жағдайда тоқтатылады.

Еске салайық, бұған дейін биыл ең көп грант бөлінген мамандықтар жайлы жазған болатынбыз. Грантқа құжат тапсыру 13 шілдеде басталған еді.

Айта кетейік, талапкерлер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ екі нәтижесінің біреуін ғана конкурсқа ұсына алады. Биыл бакалавриатқа түсу үшін 73 мың грант бөлінген. Барлық гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінген. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная