ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2022 | 18:26
"Қазақстан халқына" қорына тағы 1,2 миллиард теңге түсті
Кейінгі тәулікте "Қазақстан халқына" қорына тағы 1,2 миллиард теңге түсті. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кейінгі тәулікте "Қазақстан халқына" қорына тағы 1,2 миллиард теңге түсті. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Хабарламаға сәйкес, 2 ақпанда ақша аударғандар:
- Турлов Тимур Русланұлы - 500 миллион теңге;
- Ыдырысов Дінмұхамет Аппазұлы - 300 миллион теңге;
- Есенов Ғалымжан Шахмарданұлы - 250 миллион теңге;
- "Бағыстан" ЖШС - 100 миллион теңге;
- Vertex Trans ЖШС - 20 миллион теңге;
- "Эдельвейс Транс" ЖШС - 20 миллион теңге.
Жалпы қорда 113,4 млрд теңге жиналған. Қаражат 16 қаңтардан 2 ақпанға дейінгі аралықта түскен.
Бұған дейін "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына қазақстандықтардан қанша ақша түскені хабарланған болатын.
Ал 1 ақпанда бірқатар қазақстандық компаниядан "Қазақстан халқына" қорына 16 миллиард теңге түскен болатын.
Еске салайық, қор 2022 жылы қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылды. Ұйымның негізгі міндеті - мұқтаждарға, зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету, гуманитарлық бағыттарды дамыту.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также