03 ақпан 2022 18:26

"Қазақстан халқына" қорына тағы 1,2 миллиард теңге түсті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Кейінгі тәулікте "Қазақстан халқына" қорына тағы 1,2 миллиард теңге түсті. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейінгі тәулікте "Қазақстан халқына" қорына тағы 1,2 миллиард теңге түсті. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарламаға сәйкес, 2 ақпанда ақша аударғандар:

  • Турлов Тимур Русланұлы - 500 миллион теңге;
  • Ыдырысов Дінмұхамет Аппазұлы - 300 миллион теңге;
  • Есенов Ғалымжан Шахмарданұлы - 250 миллион теңге;
  • "Бағыстан" ЖШС - 100 миллион теңге;
  • Vertex Trans ЖШС - 20 миллион теңге;
  • "Эдельвейс Транс" ЖШС - 20 миллион теңге.
Реклама
Реклама

Жалпы қорда 113,4 млрд теңге жиналған. Қаражат 16 қаңтардан 2 ақпанға дейінгі аралықта түскен.

Бұған дейін "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына қазақстандықтардан қанша ақша түскені хабарланған болатын. 

Ал 1 ақпанда бірқатар қазақстандық компаниядан "Қазақстан халқына" қорына 16 миллиард теңге түскен болатын. 

Еске салайық, қор 2022 жылы қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылды. Ұйымның негізгі міндеті - мұқтаждарға, зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету, гуманитарлық бағыттарды дамыту.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram