15 шілде 2021 12:17

Қазақстан халқының саны есептелді

© Тұрар Қазанғапов

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын  есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бюро сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын  есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бюро сайтына сілтеме жасап.

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ел халқының саны - 18 миллион 984 мың 800 адам, оның ішінде қала халқы - 11 миллион 237 мың (59,2 пайыз), ауыл халқы - 7 миллион 747 мың 800 адам (40,8 пайыз).

2020 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 249 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті.

Реклама
Реклама

2021 жылғы қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-мамырмен (106,8 мың адам) салыстырғанда 4,4 пайызға ұлғайды және 111,5 мың адамға жетті. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда - 14,18 адам.

2021 жылғы қаңтар-мамырда елге келгендер саны - 3662 адам, елден кеткендер саны - 9862 адам, көші-қон сальдосы - 6200 адам.

Ұлттық статистика бюросының ақпаратымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram