ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қаңтар 2024 | 15:05
Қазақстан халқының саны жарияланды
Ұлттық статистика бюросы халық саны туралы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық статистика бюросы халық саны туралы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, халық саны 20 014 575 адам болған, оның 12 431 220-сы қала тұрғындары, 7 583 355-і ауыл тұрғындары.
"2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен 239 422 адамға, көші-қон - 8 346 адамға", - деп хабарлайды бюро.
Сондай-ақ, мәлімет бойынша, 10 240 446 әйел және 9 774,129 ер адам бар.
Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астанада – 5,11 пайызға, Алматыда – 2,82 пайызға және Маңғыстау облысында – 2,40 пайызға тіркелді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также