ПОДЕЛИТЬСЯ
28 желтоқсан 2023 | 17:53
Қазақстан халқының саны қашан 27,5 миллион адамға жетеді?
"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ сарапшылары 2050 жылға дейінгі демографиялық болжамды дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ сарапшылары 2050 жылға дейінгі демографиялық болжамды дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сайтына сілтеме жасап.
Болжамға сәйкес едәуір ықтимал сценарийде 2026 жылға қарай Қазақстанда жұмыс күшінің саны 9,5 млн адам деңгейінде тұрақтанады, 2028 жылдан бастап белсенді өсе бастайды және 2050 жылға қарай 12 миллион адамға жетеді.
"2027 жылға дейін жұмыс күшінің көрсеткіші объективті факторларға байланысты аз немесе мүлдем өспейді деп күтіледі. Бізде жұмыс күшінің азды-көпті белсенді өсуі шамамен 2028 жылдан басталады деп күтіледі. 2031 жылға қарай біз 10 миллион адамға, 2040 жылға – 11 миллионға жақындаймыз. Осылайша, жұмыс күші жылына шамамен 100 мың адамға өседі. 2050 жылға қарай 12 миллион адам деңгейіне жетеміз, бұл 2023 жылмен салыстырғанда (9,256 миллион) өсім 28 пайыз болады", – деді ЕРДО Болжау және зерттеу департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.
Өңірлер бөлінісінде бірінші кезекте мегаполистерде, оның ішінде Астанада жұмыс күші санының өсімі күтіледі, онда 2050 жылға қарай өсім 2,4 есе болуы мүмкін. Алматыда жұмыс күші іс жүзінде екі есеге артады, Маңғыстау және Алматы облыстарында оның саны 80 пайызға өседі.
"Бұл ретте Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс күшінің 45 пайызға қысқару қаупі бар. Сондай-ақ, төмендеу күтілетін өңірлер тізімінде Қостанай (-29 пайыз), Абай (-25 пайыз), Павлодар (-24 пайыз) облыстары бар.
Жетісу бойынша мәселе әлі де ашық күйде қалып отыр. Қазіргі уақытта облыста жұмыс күші қысқара ма әлде өсе ме белгісіз, оны анықтау үшін деректер жеткіліксіз. Әзірге ондағы болжамдар қысқарады деп көрсетіп тұр", – деді сарапшы.
Сондай-ақ, болжам шеңберінде 2050 жылға қарай еңбекке қабілетті жастан кіші және одан жоғары жастағы халықтың жылдам өсуі есебінен еңбекке қабілетті жастағы халықтың үлесі (59 пайыздан 57 пайызға дейін) аздап төмендейтіні атап өтілді.
Бұл ретте еңбекке қабілетті халықтың саны 2050 жылға қарай 33 пайызға ұлғайып, 15,68 миллионға жетеді. Еңбекке қабілетті жастан кіші халық 36 пайызға, 8,18 миллионға дейін, ал еңбекке қабілетті жастан асқан халық 68 пайызға, 3,7 миллионға дейін өседі.
Жалпы, 2050 жылға қарай республика халқы шамамен 27,5 миллион адам болады деп күтіледі, олардың үштен екісі мегаполистер мен оңтүстік өңірлерде тұрады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также