10 қараша 2021 | 12:35

Қазақстан халқының саны қашан белгілі болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстандағы санақтан өткен 19,6 миллион адам нақты халық санын көрсетпейді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы санақтан өткен 19,6 миллион адам нақты халық санын көрсетпейді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"19,6 миллион сауалнама түсті. Бұл көрсеткішке шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, туристер де кіреді. Оған қоса, өңдеу кезінде қайталанатындар байқалады. Яғни, бір адам екі рет өткен болуы мүмкін, мұндай жағдайлар болған. Мысалы, күйеуі онлайн санақтан өтіп, отбасын қоспайды, ал үйіне келгенде, жұбайы бәрін қайта жазады. Студенттер 1 қыркүйекте әлі оқу орнына келмей, отбасымен тұрғылықты жерінде болған жағдайлар бар. Олар мектепте де өтеді. Міне, сондықтан сауалнамаларды өңдеу нәтижесін күтеміз", - деді Айдапкелов Үкімет отырысынан кейін.

Оның айтуынша, алдын ала мәлімет желтоқсанда белгілі болады. Бұл жалпы халық санына, өңірлер - қала немесе ауыл, жынысы, мүмкін жас құрамы бойынша болады.

Реклама
Реклама

"2022 жылы нақтырақ қорытынды болады, қалғаны - 2023 жылдың 1 тоқсанында. Ең алдымен цифрлық санақ болғанын ескере отырып, 2022 жылы аяқтаймыз деген үміт бар", - деді ол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная