ПОДЕЛИТЬСЯ
13 желтоқсан 2022 | 12:48
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халық саны туралы нақтыланған мәліметтерді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халық саны туралы нақтыланған мәліметтерді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ел халқының саны 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 19,7152 миллион адамға жетті, оның ішінде қалалықтар - 12,1691 миллион (61,7 пайыз), ауылдықтар - 7,5461 миллион (38,3 пайыз) адам.
2022 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 212 мың адамға немесе 1,1 пайызға өсті.
2022 жылғы қаңтар-қазанда республика халқының табиғи өсімі өткен жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда (222,3 мың адам) 0,6 пайызға төмендеп, 221 мың адамды құрады. 1000 халыққа шаққандағы табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 13,51 адам.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларында қамтылған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2022 жылғы қаңтар-қазанда туғандар саны 333,1 мың адам, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (375,9 мың) 11,4 пайызға аз.
Қаралып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 112,1 мың адам, бұл 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда (153,6 мың адам) 27 пайызға аз. Жалпы, өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 6,86 өлімді құрады.
2022 жылдың қаңтар-қазанында республикада 1 жасқа дейінгі 2684 шетінеген нәресте тіркелсе, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (3020 шетінеген нәресте) саны 11,1 пайызға азайды.
Көші-қон қызметі ұсынған ақпаратты өңдеу нәтижесінде 2022 жылғы қаңтар-қазанда республикаға келгендер саны 12 926 адам. Елден кеткендер саны 21 875 адам.
Елге ТМД елдерінен келгендер үлесі - 85 пайыз, кеткендер - 84,4 пайыз.
Ел ішінде қоныс аударғандар саны 3,2 пайызға өсті. Өңіраралық қозғалыстар бойынша республиканың үш облысында: Алматыда (30 388 адам), Астанада (29 086 адам) және Шымкентте (2 311 адам) халықтың көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также