Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың 1 қаңтарындағы Қазақстан халқының санын жариялап, елдегі ең халқы көп өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың 1 қаңтарындағы Қазақстан халқының санын жариялап, елдегі ең халқы көп өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бюро мәліметінше, жылдың басында Қазақстанда 20 286 084 адам тұрған. 2024 жылы қазақстандықтардың саны 252 242 адамға артқан.

Республикадағы үш қала мен төрт облыста миллионнан астам адам тұрады. Ең халқы тығыз орналасқан өңірлер – Алматы мен Түркістан облысы, онда тиісінше 2 292 333 және 2 154 334 адам тұрады.

Реклама
Реклама

Астана (1 528 887 адам) және Алматы облысында (1 560 377 адам) 1,5 миллионнан астам адам тұрады.

Миллионнан астам халқы бар қалалар мен өңірлер қатарына:

  • Шымкент – 1 256 263 адам
  • Жамбыл облысы – 1 222 513 адам
  • Қарағанды облысы – 1 133 984 адам

Халық саны ең қарқынды өсіп жатқан қала – Астана. Елордада халық саны 6,91 пайызға артқан. Салыстыру үшін: Алматыда бұл көрсеткіш 2,86 пайыз, ал Шымкентте – 2,80 пайыз болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама