02 қараша 2023 13:05

Қазақстан халқының ұлттық құрамы туралы деректер жарияланды

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстан халқының ұлттық құрамы туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстан халқының ұлттық құрамы туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша қазақтар саны 13,4 миллион адам болды, 2009 жылдан бергі өсім – 33,7 пайыз (10 миллион – 2009 жылы).

Реклама
Реклама

Жалпы халық санындағы қазақтардың үлесі 63,1 пайыздан 70,4 пайызға дейін өскен.

Сондай-ақ, саны көп ұлттар қатарына орыстар – 2,9 миллион адам, өзбектер – 614 мың адам, украиндар – 387 мың адам және ұйғырлар – 290 мың адам кіреді", - делінген хабарламада.

Санақ қорытындысы бойынша, еліміздегі этностар саны 124 болған. Олардың арасында ливтер, вепсілер, орочтар, долгандар, даниялықтар, удэгейлер, цахурлар, мансылар, нанайлар, моңғолдар, селькуптер, чукчалар, ульта, нивхтер, ижорлар, кеттер, коряктар, қырымшақтар, нганасандар, саамдар, чувандар бар.

Айта кетейік, 2021 жылғы санақ сауалнамаларына ұлтты "көрсетпеу" жауап нұсқасы қосылған. Осылайша, 24,8 мың адам өз ұлтын көрсетуден бас тартқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram