28 қыркүйек 2022 | 11:20

Қазақстан ХҚҚДБ-нен 345 миллион еуро қарыз алуды жоспарлап отыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Мәжілісте Халықаралық қайта құру және даму банкінен 11,5 жылға 345,7 миллион еуро көлемінде несие алуды қарастыратын заң жобасы қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжілісте Халықаралық қайта құру және даму банкінен 11,5 жылға 345,7 миллион еуро көлемінде несие алуды қарастыратын заң жобасы қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасына сәйкес, несие "жеке сектор басқаратын даму саясатын қаржыландыруға және экономиканы тұрақты қалпына келтіруге" арналған.

"Осы келісім бойынша несие қаражаты республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру шаралары аясында әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын сақтауға бағытталған шаралар кешенін қолдау үшін тартылады.

Қазақстанға Халықаралық қайта құру және даму банкінен 345,7 миллион ​​еуро сомасында несие беріледі. Өтелу мерзімі 11 жыл 6 ай, оның ішінде 2,5 жыл жеңілдік кезеңімен", - деді депутат Марат Құсайынов Мәжіліс отырысында. 

Реклама
Реклама

Депутаттар бұл ұсынысты қолдады. Енді Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті заң жобасын зерделеп, қорытынды әзірлеуі керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная