06 қараша 2018 | 09:19

Қазақстан Илон Масктің зымыранымен спутниктер ұшырады

Камила Долаева Журналист
Илон Маск. © AP/Ringo H.W. Chiu

Қазақстан Илон Маскке тиесілі америкалық SpaceX компаниясының Falcon 9 ұшыру аппаратымен Калифорниядан екі спутник ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш саласының вице-министрі Марат Нұрғожин мәлімдеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Илон Маскке тиесілі америкалық SpaceX компаниясының Falcon 9 ұшыру аппаратымен Калифорниядан екі спутник ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш саласының вице-министрі Марат Нұрғожин мәлімдеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасының тілшісі.

Астанадағы Digital Bridge халықаралық инновациялық форумында сөз сөйлеген шенеуліктің айтуынша, Қазақстанның 150-ден астам инженері Еуропа, Англия және Ресей зауыттарында тәжірибеден өткен. "Бәрі жақсы болса, 19 қарашада екі спутникті іске қосамыз", - деді ол.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Нұрғожиннің айтуынша, ғарышта отандық инженер мен құрылымдаушылардың барлық ойлап тапқаны сынақтан өтіп жатыр. Бұл оларға коммерцияландыруға және өздерінің серіктерін жасап шығаруға мүмкіндік береді. Ең алдымен бұл қолданыстағы құрылғылармен ауысатын байланыс серіктері.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная