20 желтоқсан 2021 | 13:09

Қазақстан қалаларында "Назар аударыңыздар!" деген дабыл қағылады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қазақстан қалаларында азаматтық қорғаудың ескерту жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан қалаларында азаматтық қорғаудың ескерту жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру 21 желтоқсанға сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін жоспарланған. Ол құлақтандыру жабдығын дайындауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған.

"Электрсиреналар мен дауыс құрылғыларын қосу, сондай-ақ, теледидар мен радиоарналардың эфирін хабарлау, интернет ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ведомство "Назар аударыңыздар!" дабылы барлық шұғыл хабарламаны жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін жасалатын ескерту екенін мәлімдеді.

"Сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосып, интернет ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты әрі қарай әрекет ету туралы нұсқау алу үшін оқып шығу керек", - деді ТЖМ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная