ПОДЕЛИТЬСЯ
18 ақпан 2020 | 09:42
Қазақстан кен орындарындағы қазба байлық таусылып жатыр
Қазақстанда 10-15 жылдан кейін кейбір қаза байлық тапшы болуы мүмкін, - деп хабарлайды "Хабар 24".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда 10-15 жылдан кейін кейбір қаза байлық тапшы болуы мүмкін, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Телеарнаның мәліметінше, жалпы республика бойынша бүгінде 8 мыңнан аса кен орны бар.
Елімізде тау-кен өндірісін дамытуға жыл сайын 6-7 млрд теңге қарастырылады екен. Бірақ вице-министр Санжар Жәркешов бұл ақша осы саланың дамуына мүлдем жеткіліксіз дейді.
"Ашып айтқанда жылына 6-7 миллиард теңге геология саласына бөлінеді. Өте аз қаржы. Біздің ауқымды жұмысқа бұл ақшамен белгілі бір жетістікке жету, жаңа өндіріс орындарын ашу өте қиын", - дейді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Санжар Жәркешов.
Қазірдің өзінде, телеарнаның мәліметінше, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында жабылған өндіріс ошақтары кездеседі. Кей аймақтарды тек инвесторлар сақтап тұр дейді геолог мамандар.
Показать комментарии
Читайте также