Қазақстан қор биржасы жұмысын бастады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: facebook.com/KazakhstanStockExchange

Қазақстан қор биржасы (KASE) жұмысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасы (KASE) жұмысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан қор биржасы 2022 жылдың 11 қаңтарында қор нарығының барлық қаржы құралы бойынша сауда-саттық өткізілетінін хабарлайды. Сауда-саттыққа қатысушыларға бағалы қағаздар мен репо операцияларын сатып алу-сату нарықтары қолжетімді болады", - делінген хабарламада.

Сауда-саттық барлық қаржы құралы бойынша Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11.30-дан 15.30-ға дейін жүргізіледі.

Реклама
Реклама

Бірінші клиринг сессиясы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, екінші клиринг сессиясы сағат 15.30-дан 17.00-ге дейін өтеді.

Клиринг сессияларының нәтижесі бойынша биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысу жүргізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама