12 наурыз 2020 | 15:09

Қазақстан коронавирус жұқтырған елдерге баруға тыйым салды

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтарға коронавирус таралған елдерде өтіп жатқан спорттық, мәдени және туристік іс-шараларға қатысуға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтарға коронавирус таралған елдерде өтіп жатқан спорттық, мәдени және туристік іс-шараларға қатысуға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Инфекцияны әкелмеу мақсатында бүгіннен бастап шаралар қабылдануы керек. 1А және 1Б, 2 және 3 категориядағы елдерге халықаралық бағыттарды шектеу керек. 1А және 1Б, 2 және 3 категориядағы елдерде өтетін халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға баруға тыйым салынады", - деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады

 Айта кетейік, 1 А категориясындағы елдерге Қытай, Иран, Оңтүстік Корея және Италия, 1 Б категориясындағы елдерге Франция, Германия және Испания кіреді. Ал екінші категорияға Швейцария, Ұлыбритания және Нидерланд, үшінші категорияға Бельгия, Швеция, Норвегия, Үндістан, Ирак, Филиппин және АҚШ кіреді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная