15 сәуір 2020 | 21:53

Қазақстан коронавирус жұқтырудың шарықтау шегіне өтіп жатыр

Қазақстан коронавирус жұқтырудың шарықтау шегіне өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан коронавирус жұқтырудың шарықтау шегіне өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты.

"Біз ауру жұқтырудың шарықтау шегіне өтіп жатырмыз. Дәрежесі 100 мың тұрғынға 7 адамнан келеді. Осыған байланысты толық масштабта скрининг бастап жатырмыз, бұл скринингтен әсіресе елді мекендердің тұрмысын қамту мен жұқтыру қаупі жоғары қызметке тартылғандар өтеді. 20 сәуірге дейін белсенді түрде тестілеу өткіземіз", - деді Ақтаева брифингте. 

Реклама
Реклама

"Мұнымен қатар, медициналық ұйымдар эпидемияға қарсы күшейтілген режимге өтеді, мұнда әрбір науқас жұқтырған деген күдікті ретінде қаралады, сондықтан дәрігерлер жеке қорғаныш құралдарымен ғана көмек көрсетеді", - деді ол.

Ақтаеваның айтуынша, медұйым жетекшілері персоналды қорғаныш құралдармен қамтамасыз етуі керек, себебі олардың өміріне жауапты. 

"Дәрігерлерді науқастармен жұмыста сақ болуға шақырамыз, барлық қауіпсіздік шарасын сақтау керек", - деді вице-министр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная