24 қараша 2021 | 16:09

Қазақстан коронавирусқа қарсы таблеткаларды сатып ала ма? ДСМ жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer фармацевтикалық компаниясы шығаратын коронавирусқа қарсы "Паксловид" (Paxlovid) таблеткаларын Қазақстанға сатып алу және жеткізу туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer фармацевтикалық компаниясы шығаратын коронавирусқа қарсы "Паксловид" (Paxlovid) таблеткаларын Қазақстанға сатып алу және жеткізу туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer компаниясымен құпиялылық туралы келісімге қол қойған, оның аясында "дәрі-дәрмекті жеткізу бойынша келіссөздер туралы ақпарат жарияланбайды".

"Қазіргі уақытта Paxlovid препаратын қолдануға рұқсат берілмеген. Осыған байланысты, болашақта Paxlovid препаратын жеткізу ықтималдығы COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеу тиімділігіне байланысты болады", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің Tengrinews.kz суалына берген жауабында.

Реклама
Реклама

Министрлік препарат клиникалық сынақтан өтіп жатқанын айтты.

Бұған дейін Pfizer COVID-19-ға қарсы таблеткаларын шұғыл қолдануға өтініш бергені хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная