Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы 8 миллион дозасына тапсырыс берді

Фото: elements.envato.com

Қазақстан сегіз миллионнан астам дозаны қосымша жеткізуге келісім-шарт жасасты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан сегіз миллионнан астам дозаны қосымша жеткізуге келісім-шарт жасасты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халықты коронавирусқа қарсы вакциналау жалғасып жатыр. Бүгінде шамамен 9 400 000 доза вакцина пайдаланылды, оның ішінде бірінші компонентпен 5 480 094 адам егілді, бұл вакцина алатын халықтың 55,4 пайызы. Екінші компонентпен 3 941 941 адам егілді. Бұл - халықтың 39,8 пайызы", - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Министрлік төрт миллион адамға 8 000 000 дозаны қосымша жеткізуге келісім-шарт жасаған.

Реклама
Реклама

Цой жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, халық вакцинамен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілгенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама