ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2020 | 11:49
Қазақстан коронавирусты анықтайтын препараттар алды
Қазақстан коронавирусты анықтайтын препараттар алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РФ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның саулығын қадағалау жөніндегі федерал қызметке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан коронавирусты анықтайтын препараттар алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РФ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның саулығын қадағалау жөніндегі федерал қызметке сілтеме жасап.
Роспотребнадзор ЕАЭО және ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанға жаңа коронавирус инфекциясының диагностикасына препараттар жіберді.
"Еуразиялық экономикалық одақ пен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерге жаңа коронавирус инфекциясының келуіне және таралуына жол бермеуге көмек көрсету мақсатында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның саулығын қадағалау жөніндегі федерал қызметі Роспотребнадзордың "Вектор" вирусология және биотехнология мемлекеттік ғылыми орталығы федерал бюджеті ғылыми мекемесі әзірлеген 2019-nCoV жаңа коронавирусын зертхана диагностикасы құралдарын өтеусіз негізде серіктес елдерге береді", - делінген хабарламада.
Ақпанның 1-2 күндері 2019-nCoV вирусын анықтау үшін ресейлік тест-жүйелердің қажетті мөлшері Қазақстанға, Арменияға, Беларусь пен Өзбекстанға берілгені айтылады. Қырғызстан мен Тәжікстанға жеткізу күтіледі.
"Еуразиялық аймақ елдеріне тест-жүйелерді жеткізу Ресей Федерациясы Үкіметінің қолдауымен Инфекциялық аурулар қатеріне қарсы күрес бойынша әлеуетті арттыруда көршілес мемлекеттерді қолдау шараларын Роспотребнадзордың жүзеге асыруы аясында ұйымдастырылады.
Эпидемияға қарсы іс-қимыл саласындағы өзара әрекет, соның ішінде жұқпалы ауруларды анықтау мен алдын алудың заманауи құралдарын тегін жеткізуді қоса алғанда, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауатын қамтамасыз етуге және еуразиялық кеңістікте халықтың денсаулығын қорғауға елеулі үлес қосады", - деп қорытындылады ведомство өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также