17 қазан 2018 16:04

Қазақстан көрші елдермен ұлттық валютада сауда жасау мәселесін көтерді

Фотоколлаж © Tengrinews.kz

Қазақстанда қаржыгерлер конгресі өтеді, онда көршілес елдердің орталық банктерінің басшылары ұлттық валютамен сауда жасау мәселесін талқылайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қаржыгерлер конгресі өтеді, онда көршілес елдердің орталық банктерінің басшылары ұлттық валютамен сауда жасау мәселесін талқылайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің айтуынша, шараға шетелдік қонақтар шақырылды.

Реклама
Реклама

"Биыл бірнеше сессия жасаймыз, олар қаржы нарығының қатысушыларына ғана емес, шетелдік қонақтарға да қызықты болады. Біз шақырту жібердік, көрші елдердің орталық банк өкілдерінің бірқатары оны қабылдап үлгерді. Біз арадағы есептеуде ұлттық валютаның қолданысын кеңейту мәселесін де талқылайтын боламыз. Күн тәртібі Қазақстанға да, көрші елдерге де қызықты болады деп ойлаймын", - деді Ақышев.

Қаржыгерлер конгресі Алматыда 15 қарашада өтеді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram