06 желтоқсан 2023 | 12:08

Қазақстан КСРО құпия өнертабыстары туралы келісімнен шығады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бүгін Мәжіліс депутаттары өнертабыстарды құқықтық қорғау саласындағы мемлекетаралық құпияның сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданылуын тоқтататын заң жобасын қабылдап, Сенатқа жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Мәжіліс депутаттары өнертабыстарды құқықтық қорғау саласындағы мемлекетаралық құпияның сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданылуын тоқтататын заң жобасын қабылдап, Сенатқа жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан бұл келісімді 2001 жылы ратификациялаған. Құжат ТМД құрамындағы мемлекеттерде бар құпия өнертабыстар туралы ақпараттың құпиялылық режимін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқықтық қорғау және КСРО-да жасалған құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру тәртібін белгілеу үшін әзірленген.

Реклама
Реклама

Мәжілісте айтылған мәлімет бойынша, ТМД құрамындағы мемлекеттерде келісімнің барлық қолданылу кезеңінде КСРО-да іс жүргізу аяқталмаған және қорғау құжатының қолданылу мерзімі аяқталмаған құпия өнертабыстардың қорғау құжаттарын беру туралы бірде-бір өтініш берілмеген. Сондай-ақ, құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру бойынша бірде-бір жағдай тіркелген жоқ.

Келісімнің маңызы жоқтығына байланысты 2018 жылы ТМД атқарушы комитеті оны тоқтату туралы шешім қабылдады. Үш жылдан кейін тиісті хаттамаға қол қойылды. Депутаттар оны одан әрі ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайтынын, республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейтінін атап өтті.

Нәтижесінде мәжілісмендер тиісті заң жобасын қабылдап, Сенатқа жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная