Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы алтыншы алтынды жеңіп алды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Ханчжоудағы Азия ойындарында қазақстандық велошабандоздар спорт делегациясына бірден екі медаль әкелді, - деп хабарлайды Тengri Sport.

Ханчжоудағы Азия ойындарында қазақстандық велошабандоздар спорт делегациясына бірден екі медаль әкелді, - деп хабарлайды Тengri Sport.

Бұл Қазақстанның намысын Глеб Брусенский, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев және Алексей Луценко қорғаған ерлер топтық жекелей велоспорт жарысында болды.

Нәтижесінде Федоров мәреге бірінші, Луценко екінші келді. Осылайша, қазақстандықтар тиісінше алтын мен күміске қолжеткізді.

Реклама
Реклама

Жеңімпаздардың мәрені кесіп өткен сәті Желіде жарияланды.

Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 53 медаль бар - 6 алтын, 12 күміс және 35 қола.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама