Қазақстан құрамасының қақпашысы футзалдан ӘЧ жартылай финалы қарсаңында жанкүйерлерге үндеу жолдады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Қазақстан құрамасының қақпашысы футзалдан ӘЧ жартылай финалы қарсаңында жанкүйерлерге үндеу жолдады Фото:instagram.com/leohiguita2

Қазақстан құрамасының қақпашысы Литвада өтіп жатқан футзалдан Әлем чемпионатының жартылай финалында командаға қолдау көрсетуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының қақпашысы Литвада өтіп жатқан футзалдан Әлем чемпионатының жартылай финалында командаға қолдау көрсетуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Финалға шығу үшін Рикардо Кака шәкірттері 30 қыркүйекте Португалиямен ойнайды. Параллель ойында Аргентина мен Бразилия кездеседі.

"Бәріне сәлем! Маған қолдау көрсетіп, құттықтап жазғандардың барлығына алғыс айтқым келеді. Келген хабарламалар өте көп, сондықтан барлығына жауап беру қиын. Сіздердің көрсеткен қолдауларыңызды сезінудің өзі керемет. Қазір біз бар назарымызды жартылай финалға бағыттап жатырмыз. Қазақстан командасы жақсы жолда келе жатыр. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды! Рахмет, Қазақстан!"- деді ол Instagram-да жарияланған видеода.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама