30 қаңтар 2024 | 10:53

Қазақстан Қытай және Өзбекстанмен су бойынша келісімге қол қояды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қазақстан Қытай және Өзбекстанмен су ресурстарын дамыту туралы келісімдерге қол қояды. Бұл туралы үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Қытай және Өзбекстанмен су ресурстарын дамыту туралы келісімдерге қол қояды. Бұл туралы үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, құжаттарға қол қою мемлекетаралық су қатынастарын дамыту үшін қажет.

"Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасында трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және пайдалану туралы, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендерде су бөлу туралы келісімдерге қол қою жоспарланған", - деді Нұржігітов.

Реклама
Реклама

Шенеунік халықаралық ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі Орталық Азиядағы су-энергетикалық ынтымақтастық механизмін дамыту болып табылатынын атап өтті.

Нұржан Нұржігітов "Халықаралық су ағындарын навигациялық емес пайдалану құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасы Сенаттың қарауына жіберілгенін еске салды.

"Конвенция бүкіл әлем бойынша трансшекаралық өзендерді, көлдерді және олармен байланысты жер асты суларын әділ және тұрақты басқаруға жәрдемдесудің жаһандық құқықтық механизмін білдіреді. Конвенцияның тараптары - 37 ел. Қазақстанмен шектес мемлекеттер ішінен конвенция тарабы тек Өзбекстан болып табылады", - деді министрлік басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная