ПОДЕЛИТЬСЯ
25 маусым 2020 | 09:27
Қазақстан-Қытай шекарасында айлап кептелісте тұрған жүк көлік иелері шағымын айтты
Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдай қиындады. Көлік жүргізушілері кезектегі орындарды бөлісе алмай жатыр. Көбі өткізу пунктінде айлап тұр. Бұл туралы КТК арнасының сюжетінде айтылды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдай қиындады. Көлік жүргізушілері кезектегі орындарды бөлісе алмай жатыр. Көбі өткізу пунктінде айлап тұр. Бұл туралы КТК арнасының сюжетінде айтылды.
"Нұр Жолы" кедендік өткізу пунктінде үлкен жүк көлігімен мыңдаған жүргізуші тұр. Аптасына тек бірнеше шақырым жүруге болады. Кейбірінің жүйкесі тозған.
"Қазір "Қорғаста" осындай қозғалыс! Барлығы кері жүріп барады. Себебі кедендегі қозғалыс қиындап кетті", - дейді жүргізушілердің бірі.
Ұзын-сонар кезекте тек қазақстандық емес, Ресей және Беларусь елінің жүргізушілері де тұр. Олар бекеттің дұрыс жұмыс істемеуі мен өткізу жүйесінің ұйымдастырылмағанына шағымданды. Айтуынша, тәулігіне бекеттен 20 фурадан артық өтпейді.
Көбі қандай жол болса да, өтуге тырысып жатыр. Кезекті бұзғандарды жүргізушілердің өзі ұстап, артқа - кезектің басына қайтарады. Соның салдарынан кейде жанжал болып қалады.
Жүргізушілер мәселеге қазақстандық шенеуніктерді кінәлап отыр. Олардың айтуынша, шенеуніктер мәселені шешуге асықпайды.
Ал билік өкілдері өткізу бекеті штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтады. Қытайлық кеденшілер пандемияға байланысты шекарадағы бақылауды күшейткендіктен осындай ұзын-сонар кезек болғанын айтады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также