12 маусым 2021 | 11:04

Қазақстан-қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

14 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасындағы екі өткізу пункті мерекеге байланысты уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

14 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасындағы екі өткізу пункті мерекеге байланысты уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қытай тарапының "Дуань-У" (айдаһар қайықтары мейрамы) мерекесін мерекелуіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімнің негізінде 2021 жылғы 14 маусымда "Нұр Жолы" және "Достық" автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді", - делінген хабарламада.

ҰҚК өкілдері қазіргі уақытта қазақстан-қытай шекарасында 2 теміржол өткізу пункті ("Достық" және "Алтынкөл") және 3 автомобиль пункті ("Нұр Жолы", "Достық", "Бақты") жұмыс істейтінін, карантин шектеулеріне байланысты олар арқылы тек жүктер мен тауарлар өткізілетінін еске салды.

Реклама
Реклама

"Көрсетілген өткізу пункттері арқылы жүк көлік құралдарының қозғалыс бағдарларын алдын ала түзету үшін хабарлаймыз", - деді ҰҚК өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная