Қазақстан Қытайға гуманитарлық көмек көрсетті

Қазақстан Қытайға гуманитарлық көмек көрсетті Фото: Reuters

Қазақстан Қытайға гуманитарлық көмек көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан Қытайға гуманитарлық көмек көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚХР-ға 13,6 тонна көлемінде медициналық бұйымдар түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді", - деп жазылған хабарламада. 

Бұған дейін Қазақстан өз азаматтарын Уханнан эвакуациялағаны хабарлағанған. Сонымен қатар, Қырғызстан, Беларусь және Армения биліктерінің өтініші бойынша осы елдердің де азаматтары Ухань қаласынан эвакуацияланды.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.

1 ақпандағы жағдай бойынша, Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 304-ке, ал вирус жұқтырғандардың саны әлем бойынша 14 380-ге жеткен

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама