ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қыркүйек 2022 | 16:59
Қазақстан Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерін уақытша жабады
1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекеттік кірістер комитеті, Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуге байланысты 2022 жылғы 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүргізілмейтінін хабарлайды", - делінген хабарламада.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастыратыны атап өтілді.
Тасымалдаушылар мен шекараны кесіп өткісі келетін кез келген адамға енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также