Қазақстан қызанақ әкелуге уақытша тыйым салды

Қазақстан қызанақ әкелуге уақытша тыйым салды Фото:depositphotos.com

Қазақстан үшінші елдерден жаңа піскен және салқындатылған қызанақтарды әкелуге уақытша тыйым салды. Ауыл шаруашылығы министрі тиісті бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан үшінші елдерден жаңа піскен және салқындатылған қызанақтарды әкелуге уақытша тыйым салды. Ауыл шаруашылығы министрі тиісті бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құжатқа сәйкес, шектеу 30 маусымға дейін қолданылады және көліктің барлық түріне қатысты.

Бұл ретте тыйым ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден келетін жеткізілімдерге қолданылмайды. Сондай-ақ Қазақстан аумағы арқылы қызанақтарды транзиттік тасымалдауға және олардың Қазақстан арқылы ЕАЭО елдері арасында өткізілуіне рұқсат етілген.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында фермерлер шетелдің арзан қызанақтары қаптап кетуіне байланысты банкротқа ұшырау қаупі бар екенін мәлімдеген болатын. Сарыағаш ауданында 2 мыңға жуық шаруашылық 400 гектарға жуық алқапта жылыжай қызанағын өсіреді. Шаруалардың айтуынша, Қытай мен Түркменстаннан келетін арзан көкөністер өңір нарығына жаппай кіріп, бұл бағаның арзандауына және жергілікті өндіріске қауіп төндірген.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама