08 ақпан 2021 | 17:24

Қазақстан ІІМ штаты 3 мыңға жуық адамға қысқарады

Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің мамандандырылған күзет бөлімшелері штатын 1 мамырдан бастап үш мың адамға қысқарту жоспарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің мамандандырылған күзет бөлімшелері штатын 1 мамырдан бастап үш мың адамға қысқарту жоспарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет қаулысының бұл жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Реклама
Реклама

"Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасының 24-тармағын іске асыру шеңберінде (...) 2021 жылы 1 мамырдан бастап мамандандырылған күзет бөлімшелерінде 2 924 шатат бірлігі қысқарады", - делінген жобаның салыстырмалы кестесінде.

Бұл мемлекеттік органдарға, оның ішінде Жоғарғы сот пен Бас прокуратураға ведомстволық бағынышты жекелеген объектілерді (аудандық және оларға теңестірілген соттар мен қалалық прокуратураларды) қорғау функцияларын бәсекелес ортаға бере отырып, мемлекет күзететін объектілер тізімінің қысқаруына байланысты жоспарланған.

Қаулы жобасы 2021 жылдың 22 ақпанына дейін талқыланады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная