01 ақпан 2022 | 11:37

Қазақстан Мәскеуде ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілдігін ашуды жоспарлап отыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстан Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымында (ҰҚШҰ) тұрақты өкілдігін ашуды жоспарлап отыр. ҚР Президентінің тиісті Жарлығының жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымында (ҰҚШҰ) тұрақты өкілдігін ашуды жоспарлап отыр. ҚР Президентінің тиісті Жарлығының жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мәскеуде (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігі ашылсын", - делінген құжатта.

Қаулы жобасының түсіндірме жазбасында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының уәкілетті өкілі мәртебесін ҰҚШҰ-ның нормативтік құқықтық базасына және ҚР дипломатиялық қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленгені айтылған.

Қаулы жобасын іске асыру үшін Үкімет қаулысымен бекітілген және оның аппаратын ҚР шетелдердегі өкілдіктерінің бірыңғай штат санына енгізу үшін Сыртқы істер министрлігінің штат санының лимитін өзгерту қажет болады.

Реклама
Реклама

"Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жанындағы тұрақты өкілдігін ашу туралы" Президент Жарлығының жобасы 2022 жылдың 15 ақпанына дейін қоғамдық талқылауда болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная