19 тамыз 2022 | 12:53

Қазақстан мектептері бес күндік оқу аптасына көшеді - министр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Келесі оқу жылынан бастап мектептер бес күндік жұмыс форматына көшеді. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Келесі оқу жылынан бастап мектептер бес күндік жұмыс форматына көшеді. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз шешім қабылдадық: келесі жылдан бастап үш ауысымда оқитын мектептерді қоспағанда, барлық мектеп бес күндік жұмыс форматына көшеді. Бұл мектеп директорларына, мұғалімдерге, барлық қызметкерге қатысты. Мұғалімдер сенбіде демалып, балаларымен бірге болуы керек деп есептейміз.

Бұл ретте сұрақ туындайды: бұл еңбек демалысы төлеміне әсер ете ме? Бұл мәселе еңбек демалысы төлеміне әсер етпейді. Демалыс уақыты – 56 күн – өзгеріссіз қалды", - деді Аймағамбетов Тамыз конференциясы барысында.

Министр директорлардан сенбіде әдістеме күндерін өткізбеуді немесе "басқа да жолмен мұғалімдерді жұмысқа шақыруға тырыспауды" сұрады.

Реклама
Реклама

"Бұл тәжірибені тоқтату керек. Мұғалімдер, мектеп директорлары бес күн ғана жұмыс істеуі керек. Білім бөлімдерінде де, мектепке дейінгі ұйымдарда да", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная