12 наурыз 2020 12:14

Қазақстан мектептерінде 16 наурыз - 5 сәуір аралығында каникул болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз - 5 сәуір каникул болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз - 5 сәуір каникул болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ДҰҰ пандемия деп жариялады. ҚР президенті нақты тапсырма берді. Алдымен 13 наурыздан бастап іс-шаралара өткізілмейді. Сауда, вокзалдар, санитарлық күшейеді. Орта білім беру 16 наурыз - 5 сәуір каникул болады", - деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов. 

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады. 

"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. "Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік", - делінген еді ұйымның Twitter-дегі парақшасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети