07 қазан 2020 | 16:57

Қазақстан мектептерінде 52 баладан коронавирус анықталған

Оқу жылының басынан бері Қазақстандағы мектептердің кезекші сыныптарында 52 баладан коронавирус анықталып, бір бала мектеп-интернатта ауырып қалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оқу жылының басынан бері Қазақстандағы мектептердің кезекші сыныптарында 52 баладан коронавирус анықталып, бір бала мектеп-интернатта ауырып қалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы жылдың 2 сәуірінен 7 қазанына дейін елімізде коронавирус инфекциясы расталған 2 551 бала тіркелді. 5 қазандағы жағдай бойынша елімізде оқушылар арасында коронавирустық инфекцияның 138 жағдайы тіркелді, оның ішінде 52-сі кезекші сыныптарда анықталып, 86-сы қашықтан оқып жатқан балалардан анықталған. Тағы бір жағдай мектеп-интернатта анықталды және бүгінде байланыста болғандардың барлығы анықталып, 14 күндік карантинде жатыр", - деді Кожахметов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Реклама
Реклама

Бүгінгі таңда, оның айтуынша, COVID-19-мен бір айдан 18 жасқа дейінгі 74 бала ауырады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная