ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қаңтар 2023 | 10:03
Қазақстан мектептерінде қазақ тілін білу деңгейі тексерілетін емтихан енгізіледі
Мектептерде кейбір сыныптардың қазақ тілін білу деңгейі тексерілетін емтихан енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мектептерде кейбір сыныптардың қазақ тілін білу деңгейі тексерілетін емтихан енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігі бұйрығының жобасы 3 ақпанға дейін жалғасатын қоғамдық талқылауға шығарылған.
"2023-2024 оқу жылынан бастап негізгі орта (5-8-сыныптар), жалпы орта (10-сынып) білім деңгейінде академиялық жылды аяқтаған кезде қазақ тілінде оқытатын мектептерде "Қазақ тілі" пәні бойынша және қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша емтихан енгізіледі", - делінген бұйрық жобасында.
Бұйрықта бұл жаңашылдық мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында "Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Үкімет қаулысын орындау үшін енгізілгені айтылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также