Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау қалай өтеді?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 9 және 11 сынып түлектері үшін соңғы қоңырау рәсімін өткізуге рұқсат беріледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда 9 және 11 сынып түлектері үшін соңғы қоңырау рәсімін өткізуге рұқсат беріледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы қоңырау 25 мамырда оқу жылының үшінші тоқсанынан бері офлайн режимде оқып жатқан 9 және 11 сынып түлектері үшін өткізіледі. Сондай-ақ, санитария талаптарын қатаң сақтай отырып, 25 мамырға арналған іс-шаралар, соңғы қоңырау және биыл маусымның ортасында өтетін аттестат тапсыру офлайн режимде өтеді деп жоспарлап отырмыз", - деді министр аппарат жиналысында.

Ол мектеп директорлары, білім бөлімдері мен білім басқармаларына барлық санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтай отырып, іс-шараны ұйымдастыруды тапсырды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 2020 жылы Қазақстан мектептеріндегі соңғы қоңырау рәсімі ата-ана қатысуынсыз ашық ауада өткізілген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама