25 мамыр 2022 | 11:37

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сәриев

Қазақстан мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиындар өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиындар өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл 170 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді. Оның ішінде 8139 түлек "Алтын белгіге" үміткер. 

Реклама
Реклама

Салтанатты жиын Алматының 295 мектебінде өтті. Биыл қала мектептерінің қабырғасынан 12 355 түлек шықты, оның 11 593-і мемлекеттік және 762-сі жекеменшік мектептерде оқиды. Алматыда 613 оқушы "Алтын белгіге" үміткер. 

Мектептердегі салтанатты жиынға төменгі және жоғары сынып оқушылары түгел қатысып жатыр. 

Түлектер үшін бұл ең маңызды күндердің бірі. Олар мектепті бітіргенімен, көпшілігі әлі де ҰБТ тапсырып үлгерген жоқ.

11-сыныптағы оқушылардың емтиханы биыл 27 мамыр мен 10 маусым аралығында  өтеді. Олар Қазақстан тарихы бойынша ауызша түрде емтихан тапсырады. Сондай-ақ, биыл болашақ студенттерге алғаш рет ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндік берілді. Түлектер бұл мүмкіндіктің көмегімен мамандандырылған пәндердің тек бір комбинациясын таңдай алады. Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамырда басталып, 5 шілдеде аяқталады.

Биыл елде көптеген оқушы оқуда, спортта және шығармашылықта түрлі жетістіктерге жетті. Алматыда түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен конкурстарға 30 мың оқушы қатысып, олардың 4 мыңнан астамы жүлдегер атанды. Жыл сайынғы республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы командасы бірінші орынға ие болып, 16 алтын медальмен "Үздік олимпиадалық команда - 2022" болды. Республикалық ғылыми жобалар байқауында Алматы оқушылары 51 медаль жеңіп алды, оның 7-і - алтын.

Қалыптасқан дәстүр бойынша бірінші сынып оқушысы соңғы қоңырау соқты.

"Соңғы қоңырау - бұл қызықты және маңызды іс-шара. Осы кезде мұғалімдер мен оқушылар оқу жылының қорытындысын шығарады. Биыл эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, мектеппен қоштасу рәсімі оффлайн өтіп жатыр", – деді БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

 

Нұр-Сұлтанда 149 жалпы білім беретін мектепте салтанатты жиын өтті. Оның ішінде - 99 мемлекеттік, 43 жекеменшік және жеті республикалық мектеп бар. Онда 215 075 бала оқиды. 

Биыл астанада 8599 түлек мектеп бітірді, оның ішінде 343–і "Алтын белгіге" үміткер. 

 

Айта кетейік, биыл мектепті бітіру кештеріне аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді, жеке студияларды ақыға кеш өткізу үшін тартуға, мерекелік үстелдер ұйымдастыруға, қала (аудан) бойынша автокөліктерді жалға алумен көшпелі экскурсиялар өткізуге, мектеп әкімшілігі мен педагогтерге сыйлықтарға ақшалай қаражат жинауға, ойын-сауық мекемелерінде іс-шаралар ұйымдастыруға рұқсат жоқ.

 

Фото: Әлихан Сәриев, Тұрар Қазанғапов ©   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная