Қазақстан мен АҚШ әуе байланысына рұқсат берілді: Мәжіліс заң жобасын қолға алды

Фото: elements.envato.com

Мәжіліс Қазақстан мен АҚШ әуе байланысына рұқсат беретін заң жобасын қолға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс Қазақстан мен АҚШ әуе байланысына рұқсат беретін заң жобасын қолға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы "тараптар тасымалдаушылар саны, межелі пункттер мен жиіліктер бойынша шектеусіз ұшуды орындай алатын ашық аспан қағидаттарын" қарастырады.

Депутат Альберт Раудың айтуынша, келісім сыртқы транспорттық қолжетімділікті арттырып, халықаралық әуе бағыттарының кеңеюіне жағдай жасайды.

Реклама
Реклама

Мәжіліс комитеті заң жобасын қолға алып, тұжырымдама дайындайды.

Еске салайық, қазақстандық әуекомпанияларына АҚШ-қа ұшу үшін құқықтық база қажет. Әуе тасымалдаушылары АҚШ-қа 2021 жылдан бастап ұшады деп жоспарланған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық әуетасымалдаушыларды Жапония мен АҚШ-қа тура ұшуға қатысты сұрақта қолдауға тапсырған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама