ПОДЕЛИТЬСЯ
03 маусым 2021 | 18:04
Қазақстан мен Армения арасында шешілмеген мәселелер жоқ - Назарбаев
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Армения президенті Армен Саркисянмен кездесті, - деп хабарлайды Elbasy.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Армения президенті Армен Саркисянмен кездесті, - деп хабарлайды Elbasy.kz.
Екі ел арасындағы тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген ынтымақтастықтың жоғары деңгейі айтылып, тараптар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
"Қазақстан мен Армения арасында өзара жақсы қарым-қатынас орнаған. Тәуелсіздік жылдары мен Арменияның барлық президенттерімен қызметтес болдым. Елдеріміздің арасында шешілмеген мәселелер жоқ. Қазір Арменияда жағдай қиын екенін білемін", - деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылғы 9 қарашада Армения, Әзірбайжан және Ресей басшылары арасындағы қол жеткізілген келісім Ереван мен Баку арасындағы барлық даулы мәселелерді шешуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Армения президенті Армен Саркисян Қазақстанның Тұңғыш Президентіне жылы қабылдағаны және өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.
"Біздің қарым-қатынасымыз өте жақын. Бұл жай сөздер емес. Көп жыл бойы Қазақстанда армян қауымдастығы өмір сүріп келеді. Олар қауіпсіз өмір сүріп жатыр. Біздің достығымыз Армения Республикасы үшін де, бүкіл армян халқы үшін де өте маңызды", - деді Саркисян.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также