28 маусым 2021 18:00

Қазақстан мен Беларусь мұнай жеткізу туралы келісімге қол қойды

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының премьер-министрі Роман Головченкомен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының премьер-министрі Роман Головченкомен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Келіссөздер қорытындысы бойынша Беларусь Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Үкімет басшылары сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік-логистика, құрылыс салаларындағы ынтымақтастықтың, өнеркәсіптік кооперация мен білім берудің, сондай-ақ өңірлік өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Қостанай қаласында А. Мамин мен Р. Головченко ауыл шаруашылығы машинасын жасау өнімдерінің бірлескен өндірісін дамыту жобаларымен танысты.

"АгромашХолдинг KZ" АҚ базасында өндіріс көлемін жылына 1 мың бірлікке дейін ұлғайта отырып, "Гомсельмаш" зауытының технологиясы бойынша "Есіл" комбайндарын құрастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте қысқа мерзімді кезеңде өнімді жергіліктендіру деңгейі 60 пайызға дейін жеткізіледі.

Екі елдің үкімет басшылары "МТЗ Қазақстан" кәсіпорнының даму жоспарларымен танысты. Зауытта жаңа корпустардың құрылысы жүріп жатыр, бұл өндіріс көлемін жылына 4 мың тракторға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Құрылыс индустриясында бірлескен жобаларды іске асыру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді. Мәселен, "БелВудДоорс" компаниясы мен "Самұрық-Қазына Констракшн" ЖШС Нұр-Сұлтан қаласының индустриялық аймағында қуаттылығы жылына 250 мың есік өндірісін ашуға ниетті. Жоба құны - 5,5 миллиард теңге. Бұдан әрі осындай жобаны Алматы қаласында іске асыру жоспарланған. Сондай-ақ Қазақстанда қуаттылығы 2 млн шаршы метр болатын керамикалық плиталардың бірлескен өндірісі ашылады. 

Екі елдің премьер-министрлері Қостанай қаласындағы "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" ЖШС өндірістік алаңында, сондай-ақ темір кенін, доломитті, әктасты, құрылыс шағылтасын қайта өңдейтін ҚР ірі кәсіпорны - Рудный қаласындағы "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" АҚ-да болды. 

Нұр-Сұлтан қаласында екі елдің үкімет басшылары ModeX модульдік үй құрылысы зауытында, "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ-да, "Астана" халықаралық қаржы орталығында және басқа да нысандарда болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram