Қазақстан мен ЕО арасындағы тауар айналымы 2 айда 70 пайызға өсті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы тауар айналымы 6 миллиард доллар болды, бұл 70,9 пайыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы тауар айналымы 6 миллиард доллар болды, бұл 70,9 пайыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

QazTrade АҚ мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңінде өзара сауда көлемі тек 3,5 миллиард доллар болған.

2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстаннан ЕО елдеріне экспорт 84,4 пайызға өсіп, 5,2 миллиард доллар болды.

Реклама
Реклама

ЕО елдерінен Қазақстанға импорт 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында 14 пайызға өсіп, 767,5 миллион доллар болды.

ЕО елдеріне экспорттың өсуі төмендегі жеткізілімдердің артуымен байланысты:

  • шикі мұнай 81,2 пайызға 4,6 миллиард долларға дейін;
  • ферроқорытпалар 2,5 есе 96,3 миллион долларға дейін;
  • өңделмеген алюминий 2,5 есе 58 миллион долларға дейін;
  • бидай 13,2 есе 31,7 миллион долларға дейін;
  • мұнай өнімдері 40,4 пайызға 94,6 миллион долларға дейін;
  • табиғи газ 4,3 есе 35,5 миллион долларға дейін.

ЕО елдерінен Қазақстанға импортталатын негізгі тауарлар мыналар:

  • бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған дәрілік заттар;
  • вакциналар, қан сарысуы, қан;
  • турбореактивті және турбовинттік қозғалтқыштар, газ турбиналары;
  • ауа немесе вакуумдық сорғылар, компрессорлар мен желдеткіштер;
  • есептеу машиналары;
  • құбырларға арналған арматура;
  • телефон аппараттары;
  • қара металдардан жасалған бұйымдар.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная