ПОДЕЛИТЬСЯ
21 маусым 2024 | 09:42
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.
Орталықтың жедел ақпаратына сәйкес, 21 маусымда Астана уақытымен сағат 07:13-те Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралас аймағында жер сілкінісі болды.
"Жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендік 42.48 градус, шығыс бойлық 79.71 градус. MPV магнитудасы - 4", - делінген хабарламада.
Қырғызстандық БАҚ мәліметтері бойынша, магнитудасы 3,5 жер сілкінісі ошағы Ақ-Суй ауданы Эчкили-Таш ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25 шақырым, Тюп ауданы Кен-Суу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 32 шақырым, Қаракөлден оңтүстік-батысқа қарай 103 шақырым жерде орналасқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, құрбандар мен қирау болған жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также