23 қыркүйек 2023 | 16:09

Қазақстан мен Қырғызстан су саласындағы екіжақты келісімді жалғастырады

gov.kz

Таразда екі елдің премьер-министрлерінің қатысуымен қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің 11-отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таразда екі елдің премьер-министрлерінің қатысуымен қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің 11-отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шектеулі және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, мемлекет басшылары екі елдің мүдделерін ескере отырып, су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Реклама
Реклама

"Азаматтардың тіршілігіне тікелей әсер ететін экология және суды ұтымды пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту өте маңызды. Су ресурстарын әділ және ашық басқаруды қамтамасыз ету үшін бізге су ресурстарын басқару арқылы тиімді мониторинг тетігі қажет. Мемлекетаралық су арналарын цифрландыру гидрологиялық ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету, атап айтқанда, су қоймаларына ағын және бүкіл бассейн бойынша су алу бөлігінде маңызды", - деді Әлихан Смайылов.

Оның қырғызстандық әріптесі Ақылбек Жапаров екі мемлекет басшыларының таяудағы өзара сапарларында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалғанын еске салды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты сақтауға дайын екендерін растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная