ПОДЕЛИТЬСЯ
05 шілде 2019 | 12:15
Қазақстан мен Қытай "Қорғас" ШЫХО-ға байланысты меморандумға қол қойды
"Қорғас" ШЫХО" қызметін үйлестіру тетігін құру жөніндегі меморандумға қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 шілдеде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Коммерция министрлігі өкілдерінің вице-министрлер деңгейінде кездесуі өтті.
Кездесу барысында "Қорғас" ШЫХО-ны одан әрі дамыту, оның ішінде 2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша, екі тарап арасында "Қорғас" ШЫХО-ның қызметін үйлестіру тетігін құру жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Құжатқа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов пен ҚХР Коммерция Вице-министрі Цянь Кэмин қол қойды.
Показать комментарии
Читайте также