28 сәуір 2021 | 13:44

Қазақстан мен Қытай шекарасы уақытша жабылады

Алдағы мереке күндеріне байланысты Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алдағы мереке күндеріне байланысты Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 1, 7 және 9 мамырда "Нұр Жолы", "Достық", "Бақты" автомобиль өткізу пункттері жабылады. Мұндай шешім Қазақстан мен ҚХР үкіметтері арасындағы келісім негізінде қабылданған.

"Қазіргі уақытта Қазақстан-Қытай шекарасында 2 теміржол ("Достық" және "Алтынкөл") және 3 көлік ("Нұр Жолы", "Достық", "Бақты") өткізу пункті жұмыс істейді. Карантин шектеулеріне байланысты тек жүктер мен тауарлар өткізіледі.

Көрсетілген өткізу пункттері арқылы жүк көліктерінің қозғалыс бағыттары өзгергені туралы алдын ала қосымша хабарлаймыз", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная