13 қаңтар 2022 | 12:55

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері қалай жұмыс істеп жатыр?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері қалай жұмыс істеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері қалай жұмыс істеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтардың көкейінде дүкен сөрелерін толтыру үшін Қытайдан тауарға тапсырыс беруге бола ма деген сұрақ туындады.

Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Алматы мен Алматы облысындағы оқиғаларға байланысты "Нұр жолы" және басқа да бақылау-өткізу бекеттері жабылмағанын, жүк машиналары Қазақстанға кіріп жатқанын мәлімдеді.

Реклама
Реклама

"Жүк тасымалы үздіксіз жүріп жатты. Тәртіпсіздіктер кезінде Қытай тасымалды тоқтатпады. "Қорғас" ШЫХО пандемия кезінен бері жабық", - деді Ғалымұрат Жүкел.

Сондай-ақ, кеңесші Президенттің Қазақстан мен Қытай шекарасындағы кедендік бақылауға қатысты сынына байланысты Бас прокуратура жақын арада тексеріс бастауы мүмкін екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная